Қазақстан премьер-лигасының клубтарын допингке тексере бастайды

Тексеріс келесі маусымнан енгізіледі.

Қазақстанның футбол федерациясы (ҚФФ), Қазақстанның кәсіпқой футбол лигасы (ҚКФЛ) және еліміздің Допингке қарсы ұлттық орталығы арасында ықпалдастық бойынша меморандумға қол қойылды, - деп хабарлайды ҚФФ ресми сайты.

Қазақстанның допингке қарсы ұлттық орталығы халықаралық антидопингтік актілер негізінде қызмет атқаратын мемлекеттік ұйым. 

Үш жақты келісім мақсаты отандық футбол қоғамдастығында допингке қарсы сауаттылық тәрбиелеу. 

Меморандумға ҚФФ бас директоры Азамат Айтқожин, ҚКФЛ жетекшісі Олжас Абраев және ҚазДҚҰО директоры Майра Бакашева қол қойды.

Допингке қарсы саясат нәтижелілігін арттыру мен допингпен күрес бойынша әлемдік үрдістерді сақтау мақсатында биыл отандық клуб мамандары үшін семинарлар өткізіледі. Ол жерде спортта қолдануға тыйым салынған заттар мен әдістер тізімі таныстырылады. Сонымен қатар, таныстыру және таныту сипатында футболшылармен жергілікті кездесулер ұйымдастырылады. 

2020 маусымында премьер-лига клубтары арасында алғашқы допинг-тест өткізу жоспарланып отыр, бұл ҚФФ мен ҚКФЛ аясында өткізілетін жарыс регламентімен бекітілген. 


  0