Әзірбайжан құрамасының голкипері "Қайраттың" 230 мың долларлық ұсынысын қабылдамады

Ол өз клубында қалады.

Әзірбайжан құрамасының қақпашысы Салахат Агаев бакулік "Нефтчи" сапында қалады, - деп хабарлайды Futbolinfo.

Мұның алдында футболшының өзі маусым аяқталысымен, келісімшарттың бітіуіне байланысты "Нефтчи" сапынан кететінін айтқан. 28 жастағы голкиперге жергілікті "Сабах" және алматылық "Қайрат" қызыққан болатын.

Мәлімет көзінің ақпаратынша, қазақстандық клуб Агаевқа жылына 400 мың манат (235 мың доллардай) еңбекақы ұсынған, алайда, ол "Нефтчидің" жаңа ұсынысын қабылдаған. Қазіргі таңда қақпашының айлығы айына 25 мың манат (14 мың доллар).

Агаев карьерасын толығымен Әзірбайжан чемпионатында өткізді. Өткен маусымда ол 28 матчте ойнап, оның он екісінде бірде-бір гол кіргізбеді. Осы арқылы "Нефтчиге" күміс жүлдегер атануға септесті. 

Әзірбайжан құрамасы сапында Агаев 2010 жылдан ойнай бастады және содан бері 18 ойынға қатысқан.


  0