"Барселона" бас бапкерді алмастыратын маман тауып қойды

Биылғы маусымда каталондықтар чемпионатты ғана ұтты.

Каталондық "Барселона" Эрнесто Вальверде кеткен жағдайға орнына бапкер қарастырып жатыр.

Diario Sport ақпаратынша, бұл орынға басты үміткер Бельгия құрамасының бакері Роберто Мартинес. "Барселона" онымен байланысқа шыққан көрінеді. Каталония тумасы болып келетін 45 жастағы Мартинес белгиялықтарды 2018 жылғы әлем чемпионатында үшінші орынға жеткізген.

Алдағы күндері "Барселона" басшылығы Вальвердемен кездесіп, болашақ жоспарларын талқыламақ. Менеджерлер бапкердің позициясын түсінгісі келеді: ол жұмысын клубта жалғастырғысы келе ме, жоқ па.

Егер басшылық Вальвердені қызметінен босатса, клуб мәселені шусыз шешіп, келісімшартты екі жақты үзгісі келеді. "Барселонаға" бапкердің кері имиджі ұнамайды. 

Ал Мартинес "Барселонаға" Вальверде кеткен жағдайда қажет боларын біледі және ұсынысты қабыл алуға дайын. Дегенмен оның Бельгия құрмасымен келісімшарты 2020 жылдың жазында аяқталады.

Мұның алдында 55 жастағы Вальверде "Барселонаны" жаттықтыра беретіні хабарланған, алайда, Испания кубогының финалындағы жеңілістен кейін жағдай өзгерді. 

Вальверде "Барселонаны" 2017 жылдан бері жаттықтырып келеді. Осы уақыттан бері каталондықтар төрт ұлттық трофей иеленді - Испания чемпионатын екі рет, ел Кубогы мен Суперкубогын.


  0