Гвардиола Роналдудың командасын жаттықтыруға келісті

Бұған дейін Мессидің командасында бапкер болды.

Туриндік "Ювентустің" жаңа бапкері қазіргі таңда маман англиялық "Манчестер Сити" командасын жаттықтырып жүрген Хосеп Гвардиола болады. Бұл туралы Radio Sportiva журналисті Федерико Дженнарелли хабарлады.

Оның ақпараты бойынша, тараптар келісімшартты талқылап қойған, ол төрт жылға жасалады.

Мұның алдында "Ювентус" бес жыл бапкер болған Массимилиано Аллегридің кететінін хабарлаған. Ол бес рет Италия чемпионатын және төрт рет ел Кубогын ұтқан. Оның орнын ауыстыру мүмкін бапкерлер қатарында Симоне Индзаги ("Лацио") және Маурицио Сарри ("Челси") аталған еді.

Өз кезегінде "Ювентус" шаубылшысы Криштиану Роналду клуб басшылығына Жозе Моуриньюді ұсынған еді. Айта кетейік, футболшы мен бапкердің агенттері бір - Жорже Мендеш. Форвард бапкермен мадридтік "Реалдан" бері жақсы таныс.

Моуринью мадридтік клубты 2010 және 2013 жылдар аралығы жаттықтырған. Оның жетекшілігімен Роналду Испания чемпионаты, ел Кубогы мен Суперкубогын ұтқан.


  0