Роналду "Ювентуске" жаңа бас бапкер тапты

Мамамн "Реалды" жаттықтырған.

Миландық "Интердің" бұрынғы бапкері Жозе Моуринью Италияға оралуы мүмкін, - деп хабарлайды La Gazzetta dello Sport.

Португалиялық маман карьерасын туриндік "Ювентусте" жалғастыруы мүмкін. Жазда командадан Массимилиано Аллегри кетеді. 

Моуринью кандидатурасын "Ювентус" басшылығына Криштиану Роналду ұсынып отыр. Айта кетейік, футболшы мен бапкердің агенттері бір - Жорже Мендеш. Форвард бапкермен мадридтік "Реалдан" бері жақсы таныс.

Моуринью мадридтік клубты 2010 және 2013 жылдар аралығы жаттықтырған. Оның жетекшілігімен Роналду Испания чемпионаты, ел Кубогы мен Суперкубогын ұтқан.

Алайда Моуриньюдің "Ювентуске" келуіне оның бұрын "Интерді" - туриндік клубтың басты бәсекелесін жаттықтырғаны бөгет болуы мүмкін. Өйткені ол кездері бапкер "Ювентуске" қатысты бірнеше рет қатты сөздер айтқан. 

Сонымен қатар, AS.com мәліметінше, Роналду "Ювентуске" Антонио Контенің оралуына қарсы болған, маман 2011-2014 жылдары клубты жаттықтырған. La Repubblica инсайдерінің ақпараты бойынша, футболшының қарсылығы 49 жастағы маманды клубқа алмауына басты себеп болған екен. 

Роналду Моуринью кандитаруасы болмаса, "Наполи" бапкері Карло Анчелоттиді ұсыныпты. Дегенмен италиялық бапкердің "Ювентуске" шақырмайтынға ұқсайды, өйткені оны жанкүйерлер қабылдай қоймайды. 


  0