Қазақстандық Зайнутдиновтың командасы еурокубоктарға қатыса алмайды

Команда Еуропа лигасында келесі жылы да ойнай алмайды.

Қазақстан құрамасының жартылай қорғаушысы Бахтиер Зайнутдинов ойнайтын ресейлік "Ростов" келесі маусымда еурокубоктарға шығу мүмкіндігінен айырылды, - деп хабарлайды Vesti.kz.

"Ростов" Ресей кубогында жеңіске жетсе, Еуропа лигасында ойнаудың соңғы мүмкіндігін алатын еді.  Алайда қарымта кездесуде Зайнутдиновтың командасы мәскеулік "Локомотивтен" 0:2 есебімен ұтылып, турнирден шығып қалды.

Бұл ойынға Зайнутдинов алаңға бастапқы құрамда шықты. Ойынның алғашқы минуттарында-ақ ол ассист авторы атанар еді, алайда, Алексей Ионовтың голы видеоқайталаудан кейін (VAR) офсайдтан кірді деп есептелмеді. Жетінші минутта қазақстандық ескерту алды, ал 71--ші минутта оны Тимофей Калачев ауыстырды.

Енді "Ростов" еурокубтарға чемпионат арқылы да өте алмайды. Қазір турнир кестесінде сегізінші тұрған Зайнутдиновтың командасы ары кетсе бір саты жоғарлай алады. Ресейден еурокубоктарға бес команда мен Кубок иегері қатысады.

Еске салайық, "Ростовқа" 20 жастағы Зайнутдинов "Астана" сапынан қыста өткен. Осыған дейін ол он матч өткізді, сегізі премьер-лигада, ал екеуі Кубокта.


  0