"Реал" футболшысына "Барселонаға" кетуге рұқсат берді

Ойыншы Зиданға керексіз болып шықты.

Мадридтік "Реал" шабуылшысы Гарет Бэйл алдағы трансферлік кезеңде клубтан кетуі мүмкін, - деп хабарлайды Don Balon.

Мадридтіктердің бас бапкері Зинедин Зидан валлиялықты қажет қылмай тұр, ал клубтың өзіне жазғы трансферге қаржы қажет. "Реал" Бэйл трансферінен 80 миллион еуро түсім көрмек.

Басылым мәліметінше, "Реал" президенті Флорентино Перес ойыншының агенті Джонатан Барнеттке форвард кез келген клубқа, тіпті "Барселонаға" да бара алатынын айтқан. 

"Реал" Бэйлді мұның алдында да сатқысы келген, алайда, оның жоғары еңбекақысы (жылына 20 миллион еуродай) сатып алушыларды қызығушылығын басып отырды.

Биылғы маусымда 29 жастағы Бэйл Испания чемпионатының 29 матчінде (21 - негізгі құрамда) сегіз гол соқты және үш ассист берді.


  0