Қазақстандық футболшы Голландиялық клуб капитаны атанып, Еуропа лигасының плей-офф кезеңінде ойнайды

Соңғы турда оның командасы күміс жүлдегермен ойнады.

Қазақстандық Александр Меркель Голландия чемпионатында ПСВ командасына қарсы матчте "Хераклес" үшін 90 минут ойнады, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Соңғы 33-ші тур ойыны 3:1 есебімен эйндховендік клуб жеңісімен аяқталды. Бірінші минутта "Хераклес" Джоуи Коннингс салған голмен алға шыққанымен, жеңісті ұстап қала алмады - 32-ші минутта Ваут Дросте допты өз қақпасына кіргізіп алды, 48-ші минутта ПСВ ойыншысы Ник Вирвиргер, ал 90-шы минутта Доньелл Мален гол салды.

Өткен матчте Меркель алғаш рет "Хераклес" капитаны болып алаңға шықты, ол қосалқы ойыншылар орында қалған Тим Брейкерсті алмастырды.



83 ұпай жинаған ПСВ екінші орында, көшбасшы болып тұрған "Аякстан" үш ұпай қалып отыр. "Хераклес" 48 ұпаймен жетінші.

Бестен сегізінші орынға дейінгі командалар енді Еуропа лигасына бір жолдама үшін плей-офф кезеңінде ойнайды. Жартылай финалда "Витесс" (бесінші) 25 және 28 мамырда "Гронингенмен" (8), ал "Утрехт" (6) - "Хераклеспен" екі матч өткізеді.

27 жастағы Меркель Голландия чемпионатындағы 32 матчта екі нәтижелі пас берді және жеті рет сары қағаз алды. "Хераклес" үшін ол 2018 жылдың жазынан ойнап келеді, ал жақында тағы бір маусымға келісімшартқа қол қойды.

Наурызда Меркель 3,5 жылдан кейін Қазақстан құрамасына оралып, Еуро-2020 іріктеуінде Шотландия (3:0) және Ресейге (0:4) қарсы ойнады.


  0