"Челси" Эден Азардың орнын басатын ойыншы тапты

Бельгиялық "Реалға" өтуге жақын.

Каталондық "Барселона" жартылай қорғаушы Филиппе Коутиньоны Англия премьер-лигасына сатпақ, - деп хабарлайды Cadena SER.

Каталондықтар 26 жастағы бразилиялыққа Англиядан команда тауып беретін делдалды жалдап отыр.

Мәлімет көзінің ақпаратынша, Коутиньоны сатып алу жолын әзірге "Челси" ғана қарастырып отыр. Лондондық клуб бразилиялық Эден Азарды алмастыра аларына сенімді.

"Челси" ФИФА-ның трансферге қойған тыйымына қарамастан Коутиньоны сатып алмақ. Лондондықтар ұйым жазаны шегереді деген үмітте.

Бразилиялыққа көз салып отырған тағы бір команда "Пари Сен-Жермен". Франциялық клуб Коутиньоны "Ливерпульде" жүргенде қатарына алғысы келген, алайда, футболшы "Барселонаны" таңдаған еді. 

Қазір париждік клубта Коутиньоның жақын досы - Неймар бар, ол Бразилия құрамасы бойынша команадаласымен бір клубта ойнағысы келетінін бірнеше рет білдірген. 

Ал "Барселона" Коутиньоны 100 миллион еуроға сатуға дайын.

Биылғы маусымда клубтық деңгейде Коутиньо 53 матчта, 11 гол соғып, бес нәтижелі пас берді. Оның "Барселонамен" келісімшарты 2023 жылға дейін есептелген.


  0