"МанСити" футболшысы чемпиондыққа жеткен соң Гвардиоланы "сұмпайы бапкер" деп атады

Оқиға бапкер ойыншыны құшақтаған кезде боды.

"Манчестер Ситидің" жартылай қорғаушысы Кевин Де Брюйне Англия премьер-лигасындағы жеңісті тойлау кезінде команданың бас бапкері Хосеп Гвардиолаға әзілдеді.

"Сен бір сұмпайысың, сен тек ұта бересің", - деді Де Брюйне бапкерге. Бұл әзіл Гвардиола ойыншыны құшақтап жатқан сәтте айтылды.




"Манчестер Сити" Англия чемпионатының шешуші 38-ші турында "Брайтон энд Хоув Альбион" командасын 4:1 есебімен ойсырата жеңді және өзінің жалғыз бәсекелесі "Ливерпульден" бір ұпай асып түсті. Осылайша, "МанСити" тарихта алтыншы рет Англия чемпионы атанып, бұл көрсеткіш бойынша "Челси" мен "Сандерленд" командаларына жетті. 


  0