Коутиньо "Барселонадан" мадридтік клубқа ауысуға келісті

Каталондықтар оның орнына әлем чемпионын алады.

Каталондық "Барселона" және мадридтік "Атлетико" гойыншымен алмасу бойынша келісімшарт дайындауда, - деп хабарлайды Don Balon.

Басылым мәліметінше, каталондықтар форвард Антуан Гризманды алып, оның орнына жартылай қорғаушы Филиппе Коутиньоны ұсынбақ. Бразилиялық трансферге келісімін берген екен.

Биылғы маусымда Коутиньо клубтық деңгейде 53 матч өткізіп, 11 гол салды және бес нәтижелі пас берді. Оның "Барселонамен" келісімшарты 2023 жылдың жазына дейін есептелген.

ESPN ақпаратынша, Коутиньо бір жарым жылда клубтың үмітін ақтамаған. 2018 жылы қаңтарда "Барселона" бұл футболшыны "Ливерпульден" өз үшін рекордты 160 миллион еуроға сатып алған. Чемпиондар лигасының 1/2 финалында каталондықтарды жарыс жолынан дәл осы мерсисайдтықтар еді.


  0