УЕФА "Манчестер Ситиді" Чемпиондар лигасынан аластатпақ

"МанСити" Англия чемпионы атанды.

Еуропалық футбол қауымдастықтары одағының (УЕФА) клбутардың қаржылық бақылауы бойынша тергеу палатасы англиялық "Манчестер Ситиді" еурокубоктардан кемінде бір маусымға шеттемек. Бұл туралы "Р-Спорт" порталы New York Times газетіне сілтеме жасап хабарлады.

Наурызда тергеу палатасы "Ситиге" қатысты қаржылық фэйр-плей (FFP) ережесін бұзғанына қатысты іс жүргізген. 

Басылым мәліметінше, тергеу палатасы істі келесі аптада арбитражды палатаға тапсырады. Осыдан кейін соңғы шешімді тергеу палатасының басшысы Ив Летерм қабылдайды. Материалда клубты бір жылға шеттеу сұралған. 




  0