"Рома" шабуылшысы Роналдумен жанжал және оның мазағы жайлы айтып берді

Португалиялық қарсыласының бойы кишкене екенін ишарамен көрсетті.

"Рома" қорғаушысы Алессандро Флоренци Италия чемпионатының 36-шы турында болған туриндік "Ювентус" шабуылшысы Криштиану Роналдумен арадағы жанжал туралы айтып берді.

Оқиға ойынның 59-шы минутында болған. Сөзбен келіспей қалған сәтте португалиялық қарсыласына аузыңды жап дегендей белгі берді де, оның бойының төмен екенін мазақ етті. Роналду Флоренциден 14 сантиметр ұзын.

"Біз допты екі рет ойыннан шығардық, ойыншылар медициналық көмек алу үшін, ол екі ретте де ойынды жалғастырмақ болды. Бірінші таймда біз қарымта шабуылға шыға алар едік, бірақ, допты қапталға асырып жібердік, өйткені солай тәрбиеленгенбіз.

Роналду - "Алтын доп" иегері, сондықтан бәрін жасауға құқы бар деп ойлайды. Мен де алаңда көп сөйлеп, қателіктер жасап қоямын, дегенмен, оның бәрі сол жерде қалады", - деп келтіреді Флоренцидің сөзін Football Italia басылымы Sky Sport Italia порталына сілтеме жасап. 




  0