АПЛ-дегі еңбекақысы ең жоғары футболшыны сатып алушы табылды

форвард 20 матчте бір ғана гол салды.

Англиялық "Манчестер Юнайтед" және Чили құрамасының шабуылшысы Алексис Санчес карьерасын Италияда жалғастыруы мүмкін.

Calcio Mercato хабарлауынша, чилиліктің агенті Фернандо Феличевич ойыншынң тансферін туриндік "Ювентустің" спорт директоры Фабио Паратичимен талқылағанға ұқсайды.

Феличевич италиялық өзге де клубтармен - "Наполи", "Рома", "Интем" және "Миланмен" келіссөздер жүргізбек екен.

Мұның алдында "МЮ" 30 жастағы Санчесті трансферлік пайда мен еңбекақы шығынын азайту мақсатында сатуға дайын екені хабарланған. Форвард аптасына 500 мың фунт стерлинг алады, осылайша, АПЛ-дегі еңбекақысы ең жоғары футболшы атанып отыр. 

Дегенмен "Юнайтед" 2018 жылы қаңтарда 35 миллион еуроға сатып алған ойыншының құнын төмендетуге асығар емес.


  0