"МанСити" футболшысына чемпиондық кубокқа жолауға тыйым салынды

Ол тойлау кезінде трофейді құлатып алған.

"Манчестер Ситидің" жартылай қорғаушысы Александр Зинченко өз командасының Англия чемпионатындағы жеңісіне қатысты пікір білдірді.

"Құттықтауларға рахмет. Эмоцияларды сөзбен жеткізе алмайсың. Қазір әуежайға кетіп барамыз, әлі тойлап келеді - айқайлап, әндетіп. Еш тынышталған жоқ, дұрыс сөйлесе алмаймын. 

Кубок мақсат болды ма? Маған оған жолауға тыйым салынды. Манчестерге келісімен жеңісті стадионда тойлаймыз", - дейді Зинченко "Великий футбол" бағдарламасының эфирінде.

Еске салайық, өткен маусымда Зинченко Англия чемпионатындағы жеңістен соң кубокты жерге құлатып алған.



"Манчестер Сити" 98 ұпаймен Англия премьер-лигасының турнирлік кестеде бірінші, осылайша, клуб екінші жыл қатарынан чемпион атанып отыр. Чемпиондардан "Ливерпуль" бір ұпай ғана қалып отыр - 97.



  0