Суарес "Ливерпульден" жеңілген "Барселона" футболшыларын балаға теңеді

Каталондықтар Чемпиондар лигасынан шығып қалды.

Каталондық "Барселона" шабуылшысы Луис Суарес Чемпиондар лигасының 1/2 финалында англиялық "Ливерпульден" жеңілуіне қатысты ойын айтты, - деп хабарлайды Marca.

"Барселонада" өткен алғашқы матч каталониялықтардың пайдасына 3:0 есебімен аяқталған еді, ал"Ливерпуль" өз алаңында қонақтар қақпасына жауапсыз төрт гол соқты.

"Мұндай екінші рет болып отыр. Көп нәрсені қайтадан ой елегінен өткізу қажет. "Ливерпуль" жылдам гол салып, не істегісі келгенді жасады. Олар бірінші минуттан соңына дейін сенімді ойнады. 

Біз өз футболымызды ойнадық. Бапкер бірінші матчте жақсы әдіс ойластырған, екіншісінде де солай етпек болды. Біз бүгін көргендеріңіз үшін кешірім сұрау керекпіз.

Төртінші гол салынғанда біз бала ұқсап қалдық. Бізді сынайтындар көбейетініне дайын болуымыз қажет. Көңіл-күйіміз түсіп кетті, бұл ауыр. Біз кәсіпқойлармыз", - дейді Суарес.


  0