Бапкерін ауыстырған ҚПЛ аудсайдері жазда легионерлерден құтылмақ

Үш шетелдік ойыншы бір ғана гол салған.

"Атырау" футбол клубы жазғы маусым аралығында айтарлықтай күшеймек, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Атыраулықтардың бапкерлер штабы легионерлердің ойындарына разы емес және командаға басқа футболшыларды шақыруға дайын. Легионерлік сегіз орынның жетеуінде футболшылар бар, осы орындарды босату үшін кулб кей шетелдікпен қош айтыспақ. 

Команда ҚПЛ-де ең аз гол соғады, сондықтан клуб шабуылшылар мен шабуылдаушы жартылай қорғаушыларды ауыстырмақ. Командадан кетуі мүмкін футболшылар арасында Дарко Бьедов (Сербия), Йосип Иванчич (Хорватия) және украиналық жартылай қорғаушы Сергей Загинайлов бар. Бұл үш футболшы ортақ есеппен 17 матче бір ғана гол салған. "Атырау" басқа да легионерлермен қоштасуы мүмкін. 

Қазіргі таңда клуб білікті футболшыларды іздестіріп жатыр. "Атырау" ҚПЛ-де ең жиі ұтылған команда және біра-ақ рет жеңіске жеткен. Турнир кестесінде мұнайшылар тек 11-ші орында, команда маусым басында 12 ұпайдан айырылған "Ақтөбеден" ғана ілгері тұр. 

Еске салайық, жақында "Атырау" ресми сайтында белоруссиялық маман Олег Дулубты бас бапкер етіп тағайындағанын хабарлаған. 


  0