"Ертіс" Димитровты матчқа келмеді деп айыптап, онымен қош айтыспақ

Павлодарлық клуб мәлімдеме жасады.

Павлодарлық "Ертіс" өзінің ресми сайтында команданың бас бапкері Димитар Димитровке қатысты жағдайға бойынша мәлімдеме жасады, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Клуб болгариялық маман мен оның көмекшілерін ҚПЛ-дің соңғы матчі мен ойын алды жаттығу кезінде жұмыс орнында болмады деп айыптап отыр. 

Еске салайық, мұның алдында БАҚ-та Димитровпен келісімшарт үзіліп, "Жетісумен" матч алдында маманды алаңға кіргізбеді деген ақпарат тараған. Клуб мұны жоққа шығарды. Ал бапкер орнында болмауына қатысты ешқандай түсінік бермегенін хабарлап отыр. 

Болгарияда Димитровты "Левски" футбол клубы спорт директоры ретінде алуға дайын екені белгілі болды. Айта кетейік, бұл командада қазақстандық Еркебұлан Сейдахмет өнер көрестіп жүр. 


  0