Жаттығуға кешікен бір футболшыға ашуланған Гаттузо бүкіл "Миланды" жазалады

Команда жеті ойынның біреуін ғана ұтқан.

"Миланның" бас бапкері Дженнаро Гаттузо команданы Италия чемпионаты 35-ші турындағы "Болоньямен" 6 мамырдағы ойынға дейін базада қамап ұстамақ, - деп хабарлайды Sky Sport Italia.

41 жасағы маман жартылай қорғаушы Тьемуэ Бакайоко жаттығуға бір сағат кешіккен соң осындай шешімге келді. Осылайша, "Челсиден" жалға алынған франциялық жалпылы жаттығудың соңғы 10 минутына ғана қатысты. 

Бүгіннен бастап фтболшылар сыртқа шыға аламайды, бұл туралы оларға техникалық директор Леонардоның көзінше айтылды.

"Миланның" кей ойыншылары Гаттузоның ойын өзгертпек болғанымен, одан түк шықпады. Ал Бакайокоға үлкен айыппұл салынады.

"Милан" соңғы жеті матчтің біреуін ғана ұтты. Бакайоко А сериясында 28 ойынға қатысып, бір ғана гол соқты.


  0