Роналду әлемдегі ең қымбат көлікті сатып алды

La Voiture Noir моделінің максимал жылдамдығы - cағатына 420 шақырым.

Португалиялық футболшы Криштиану Роналду әлем бойынша ең қымбат деп саналатын Bugatti маркалы жаңа көлікті сатып алды, - деп жазады La Stampa.

Таяуда Женева автосалонында таныстырылған қара түсті  La Voiture Noir моделінің максимал жылдамдығы - cағатына 420 шақырым.

Дереккөздің мәліметінше, футболшы бұл көлікті 11 миллион еуроға (4,69 миллиарда теңге) сатып алған.


  0