Тамақтан уланған "Тобыл" легионері жансақтау бөліміне түскен

Қостанайлықтар ҚПЛ-де екінші келеді.

Қостанайлық "Тобыл" ойыншысы ауыр хәлде ауруханада жатыр, - деп хабарлайды alau.kz.

"Облыстық аурухананың жансақтау бөлімінде "Тобыл" ФК футболшыларының бірі жатыр. Қарқынды терапия жүргізіліп жатыр. Тамақтан уланған. Жағдайы ауыр. Динамика оңды", - делінген Қостанай облысы Денсаулық сақтау басқармасының хабарламасында. 

KazFootball.kz ақпаратынша, уланған ивуарлық Сенин Себаи. Аурханада оның асқазанын шайған. Қазір футболшының өміріне қауіп жоқ, ол команда аумағына оралды.

ҚПЛ-дің жеті турынан кейін "Тобыл" 16 ұпаймен турнирлік кестеде екінші келеді, бірінші орында "Астана" (22). 


  0