"Сити" манчестерлік дербиде "Юнайтедті" ұтып, англиялық клубтар рекордын орнатты

"МС" АПЛ-де қайтадан бірінші орынға көтерілді.

"Манчестер Сити" футболшылары Англия премьер-лигасының кейінге шегерілген 31-ші турында "Манчестер Юнайтедті" ұтты, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Кездесу "Олд Траффорд" стадионында өтіп, 2:0 есебімен аяқталды. "Сити" сапында Бернарду Силва (54-ші минут) және Лерой Зане (66-шы) гол салды.

Осылайша, "Манчестер Сити" Англия чемпионатындағы жеңіс сериясын 11-ге жеткізді. Пеп Гвардиоланың командасы 89 ұпай жинап, турнир кесетесінде қайтадан бірінші олрынға көтерілді ("Ливерпуль" 88 ұпаймен екінші орынға түсіп қалды). "Манчестер Юнайтед" (64) алтыншы.

Сонымен қатар, "Сити" маусымдағы барлық турнирде соққан голдар санын 157-ге жеткізіп англиялық клубтар рекордын жаңартты. Мұның алдындағы рекорд - 156 гол "Манчестер Ситиге" тиесілі болған, бұл 2013/14 маусымнда команданы Мануэль Пеллегрини жаттықтырған уақытта болған. 



  0