"Тобыл" ойыншысы екі матчке шеттелді

Сонымен бірге, "Атырау" футболшысы да жазаланды.

"Тобылдың" литвалық қорғаушысы Артурас Жулпа екі матчке шеттелді, - делінген ҚФФ ресми сайтында.

Футбол федерациясының бақылау-тәртіптік комиссиясы осындай шешім шығарды. Шешім қостанайлық клуб 2:1 есебімен ұтқан "Оқжетпеспен" ойыннан кейін қабылданды. 

Футболшы қарсыласын қасақана итерген. Шеттеу мерзімі 2019 жылдың 15 сәуірінен басталады.

Сонымен қатар, "Атырау" ойыншысы Ризван Аблитаров "Ақтөбемен" матчтен кейін бір ойынға шеттелді.

Аблитаров қарсыласына гол соғуға бөгет жасаған. Шеттеу мерзімі 2019 жылдың 15 сәуірінен басталады.

КПЛ-дің алтыншы туры 20 сәуірде өтеді. "Тобыл" өз алаңында "Жетісуды", ал "Атырау" көкшетаулық "Оқжетпесті" қабылдайды.


  0