Командаласымен соқтығысқан голкипер аяғын екі жерден сындырды

Оның командасы ойсырай жеңілді.

Африканың чемпиондар лигасы 1/4 финалында "Видад" (Марокко) - "Хоройя" (Гвинея) матчінде футболшылардың бірі ауыр жарақат алды.

Сенегалдық қақпашы Карим Ндиайе допты сырғанап барып, іліп кетпек еді. Алайда ол командаласы Бубакар Самассекумен қақтығысып, екеуі де допқа жете алмай қалады да, қарсылас допты қақпғаа бағытап үлгереді. 

Осы жағдайда кейін Ндиайе алаңда жатқан күйі қалды. Дәрігерлер оны зембілмен алып кетті. Кейін футболшының аяғы екі жерден сынғаны анықталды



Матч "Видад" жеңісімен аяқталды, есеп 5:0.

Жексенбіде футболшыға Рабат қаласында ота жасалды. 34 жастағы голкипердің келісімшарты маусым соңында аяқталады, алайда, клуб келісімді тағы үш жылға ұзартуды ұсынды. 


  0