Ресейлік футболшы америкалықты жолдан өткізбей, мұрнын бұзған

Ойыншы жол ережесін жиі бұзады.

Мәскеулік "Спартактың" жартылай қорғаушысы Аяз Гулиев жол үстінде жанжалға себепкер болды, - деп хабарлайды MK.ru.

Футболшы көлігімен көшеде келе жатқан, жаяу жүргіншілерге арналған бағдаршам жанғанда барлық көлік тоқтаған. Алайда Гулиев ары қарай жүре берген. Осы кезде жолды екі жүргінші кесіп өте бастаған еді, оның бірі америкалық Майкл Коу Джон Эли.

Куәгерлердің сөзінше, Гулиевтің көлігі Элиді жанап өткен, осыдан кейін төбелес басталғады. Футболшының айтуынша, жанжал америкалық оның көлігінен қолымен қойып қалғандықтан басталған. 

Оқиға орнына полиция келген. Элидің мұрын сүйегі сынғаны анықталып, ол дәрігерлер көмегіне жүгінді, алайда, ауруханаға жатудан бас тартқан. Дегемен де америкалық футболшының үстінен шағымданбаған. 

Басылым мәліметінше, Гулиев көлігін 2018 жылдың соңында сатып алған және содан бері жол ережесін 200-ден артық бұзған болып шықты. Айыппұлдардың жартысын футбошлшы төлеген екен.

22 жастағы Гулиев қысқы трансферде "Спартак" сапына оралып, Ресей премьер-лигасында төрт матчқа қатысып үлгерді. Мұның алдында РПЛ-де ол "Ростов" пен "Анжи" үшін ойнаған. "Спартак" академиясында Гулиев бес жасынан жаттықты.


  0