"Бавария" футболшылары жаттығу кезінде төбелесті, ал бапкер еш шара қолданбады

Бұған командадағы өзге ойыншылар да таңданды.

Польшалық шабуылшы Роберт Левандовски және франциялық жартылай қорғаушы Кингсли Коман германиялық "Баварияның" кешегі күнгі жаттығуында төбелесіп қалды, - деп хабарлайды Bild.

Футболшылар бастапқыда сөзге келмей қалып, артынан бір-біріне жұдырық ала жүгірген. Клубтастарды Никлас Зюле мен Джером Боатенг арашалады.

Төбелестен кейін "Баварияның" бас бапкері Нико Ковач Левандовски мен Команды алаңнан шығарып жібермеді. Француз бен поляк жаттығуды ары қарай жалғастырып, командаластарын таңдандырды. Клуб оқиғаға қатысты пікір білдірген жоқ.

Бундеслиганың биылғы маусымында Левандовски 27 матчте 21 гол салып, 10 ассист берді, ал Коман 15 ойында үш гол соқты және бір нәтижелі пас берді.


  0