Қазақстан кубогы мачтінде "Тобыл" легионерлерсіз ойнайды

Ойын 10 сәуір Павлодарда.

Қостанайлық "Тобыл" Қазақстан кубогы 1/8 финалында "Ақсуға" қарсы легионерлерсіз ойнайды, - деп хабарлайды клубтың баспасөз қызметі. 

Владимир Газзаев жаттықтыратын команда Павлодарға қысқартылған құрамда келді. Барлық легионерлер Қостанайда қалды, да "Тобылдың" жастар құрамасының ойыншылары қосылды.

"Тобылдың қарсыласы екінші лигадағы команда. ҚР Кубогының регламенті бойынша, екінші лига және әуесқой командалармен матчтерге өз түлектерінен өзге ойыншыларға қатысуға болмайды", - делінген хабарламада. 

Матч 10 сәуір Павлодардың орталық стадионында болады. Ойынның басталуы астана уақытымен 17:00.


  0