Қазақстандық футболшы қыз мәскеулік ЦСКА сапына ауысты

Футболшы еліміздің құрама сапында болған.

Футболдан Қазақстан құрамасының қорғаушысы Юлия Мясникова карьерасын мәскеулік ЦСКА сапында жалғастырады, - деп хабарлайды Vesti.kz.

"Ал, сәлем, жаңа маусым! Соңына дейін айтаған жігіттер мен қыздар, сорри. Мұнда менде бәрі тамаша!" - деп жазыпты футболшы Instagram желісінде, ЦСКА формасындағы суретін жариялап.

25 жастағы Мясникова ойнаған соңғы клуб шымкенттік БИIК-"Қазығурт" болды. Ал ЦСКА 2017 жылғы Ресей кубогының иегері, жаңа маусымның бірінші матчі 14 сәуірде басталады. 10 сәуір мәскеулік клуб жанкүйерлермен кездесу өткізеді. 




  0