41 жастағы қақпашы ПСЖ-мен келісімшартты 2020 жылға дейін ұзартты - БАҚ

Қазіргі келісімшарт жыл соңына дейін есептелген еді.

Италиялық голкипер Джанлуиджи Буффон франциялық "Пари Сен-Жермен" футбол клубымен келісімшартты 2020 жылға дейін ұзартады, - деп хабарлайды "Р-Спорт" сайты Foot Mercato басылымына сілтеме жасап.

Келісімнің шарттары бойынша, 41 жастағы футболшы париждік командада өткізген бір маусым үшін сегіз миллион еуро алатын болады. Үстеме ақыларды есептегенде бұл сомма 10 миллионға дейін жетуі мүмкін. 

Буфон ПСЖ сапына 2018 жылы туриндік "Ювентустен" ауысып, "1+1" жүйесі бойынша келісімге келген. Париждіктермен бірге голкипер 20 ойынға қатысып, 13 доп өткізіп алды. 


  0