Қазақстандық маман Ресейлік клубтың бас бапкері қызметінен кетті

Клубта ол 2018 жылдан істеп келеді.

58 жастағы қазақстандық маман Сергей Волгин воронеждік "Факел" командасының бапкерлер штабынан кетті. Бұл туралы клубтың ресми сайтында хабарланған. 

"Сергей Волгин "Факелмен" келісімшартты мерзімінен бұрын үзу туралы келісімге қол қойды. 1 сәуірден бапкер біздің клубта жұмысын тоқтатады.

"Факел" ФК Сергей Васильевичке ынтымақтастық үшін алғыс білдіріп, ары қарайғы карьерасында сәтіллік тілейді!", - делінген хабарламада.

Волгин "Факелде" 2018 жылдан бері қызмет етеді, алайда, негізінен бас бапкер болып істейтін маманда Pro лицензиясы болмағандықтан, қазақстандық бас маман ретінде тіркеулі.

Ресейде Волгин "Сатурн" және "Уралан" сапында қызмет еткен. Ал еліміздің премьер-лигасында "Ертіс", "Атырау", "Қайрат", "Қайсар" және "Ақжайық" командаларын жаттықтырды.


  0