Қазақстан чемпионы туған ағасы жаттықтыратын клубқа ауысты

Соңғы үш маусымды ол "Ертіс" сапында өткізді.

35 жастағы қазақстандық футболшы Пірәлі Алиев "Қызыл-Жар СК" командасына қосылды, - деп хабарлайды KazFootball.kz.

Қызылжарлық клубты футболшының туған ағасы Али Алиев жаттықтырады. "Қызыл-Жар СК" сапында Пірәлі 5 нөмірмен ойнайтын болады.

Алматылық футбол мектебінің түлегі Пірәлі Алиев соңғы үш маусым "Ертіс" сапында ойнаған. Өткен маусымды жартылай қорғаушы "Атырау" құрамында бастап, екі матч ойнады, алайда, кейін қайтадан павлодарлық клубқа оралды. 

Қазақстан премьер-лигасында футболшы "Астана" ("Жеңіс"), "Қайрат", "Жетісу", "Астана" ("Локомотив"), "Тобыл" және "Ордабасы" клубтарында ойнаған. Пірәлі Алиев 2006 жылы Қазақстан чемпионы болған және 2009 жылы Кубокты иеленген. 


  0