Сидельников "Ақтөбеден" 25 миллион талап етіп отыр

Футболшы бұрынғы клубын сотқа берді.

Футболдан Қазақстан құрамасының экс-қақпашысы Андрей Сидельников бұрынғы клубы "Ақтөбенің" үстінен арыз берді, - деп хабарлайды "Диапазон".

Голкипердің шағымы қалалық сотта қаралып жатыр. Футболшы 25 миллион 592 мың теңге талап етіп отыр. Бұл еңбекақы бойынша қарыз, кешіктіру үшін өсім және пайдаланылмаған еңбек демалысының өтемақысы.

"Ақтөбе" ФК сапында Сидельников үш рет Қазақстан чемпионатын ұтқан және екі реттен күміс пен қола жүлдегер атанған. Футболшы карьерасын ол 2018 жылы қаңтарда аяқтады. 

Сидельников кәсіпқой карьерасын 1997 жылы мәскеулік "Спартак" сапында бастады, футболшвы осы мектептің түлегі. Қазақстан премьер-лигасында 2008 жылдан бастап "Ақтөбе", "Қайрат" және "Ордабасында" ойнады. 2010 мен 2015 жылдар аралығы Қазақстан құрамасының намысын қорғаған. 


  0