Еуро іріктеуінде Қазақстанға қарсы Шотландия құрамасының капитаны мен өзге де АПЛ футболшылары ойнамайды

Ол ең қымбат қорғаушылардың бірі.

"Ливерпуль" қорғаушысы Эндрю Робертсон Еуро-2020 квалификациялық раундының Қазақстанға қарсы матчіне қатыса алмайды, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Шотландия құрамасының капитаны тісі ауырғандықтан Глазгода қалды. Дегенмен ол Сан-Мариномен 24 наурыздағы матчінде командаға қосылу керек. 

Робертсон орнына "Селтик" қорғаушысы Киран Тирни ойнайды деп күтілуде.

Айта кетейік, 25 жастағы Робертсон "Ливерпуль" мен Шотландия құрамасының ең қымбат қорғаушыларының бірі. Оның транссферлік құны 50 миллион доллар.

Биылғы Англия премьер-лигасында Робертсон 29 матчте ойнады.

Сондай-ақ, "Астана Аренада" өтетін алдағы матчте "Кардифф Ситидегі" Каллум Патерсон (АПЛ-де 18-ші орын) және "Борнмуттағы" Райан Фрейзер (АПЛ-де 12-ші орын) ойнамайды. Дәрігерерлер футболшыларға синтетикалық алаңда ойнауға тыйым салған.

Шотландия құрамасының сапы келесідей:

Қақпашылар: Скотт Бэйн ("Селтик"), Лиам Келли ("Ливингстон"), Джон Маклафлин ("Сандерленд");

Қорғаушылар: Дэвид Бейтс ("Гамбург"), Стюарт Финдли ("Килмарнок"), Скотт МакКенна ("Абердин"), Стивен О'Доннелл ("Килмарнок"), Лиам Палмер ("Шеффилд Уэнсдей"), *Эндрю Робертсон ("Ливерпуль"), Джон Сауттар ("Хартс"), Киран Тирни ("Селтик");

Жартылай қорғаушылар: Стюарт Армстронг ("Саутгемптон"), Джон Флек ("Шеффилд Юнайтед"), Джон Макгинн ("Астон Вилла"), Каллум МакГрегор ("Селтик"), Кенни Маклин ("Норвич Сити"), Скотт МакТоминей ("Манчестер Юнайтед"), *Каллум Патерсон ("Кардифф Сити"), Грэм Шинни ("Абердин");

Шабуылшылар: Оливер Берк ("Селтик"), Оли МакБерни ("Суонси"), Джеймс Форрест ("Селтик"), *Райан Фрейзер ("Борнмут"), Марк МакНалти ("Хиберниан"), Льюис Морган ("Сандерленд"), Джонни Рассел ("Канзас Сити").


  0