Ресей құрамасы Еуро іріктеуіндегі Қазақстанға қарсы матч алдында екінші футболшысынан айырылды

Жартылай қорғаушы қолын сындырды.

"Спартактың" жартылай қорғаушысы Роман Зобнин Ресей құрамасының Еуро-2020 квалификациялық раундының бастапқы матчтерінде қатыса алмайды.

Премьер-лиганың 20-шы туры аясында "Зенитпен" матч кезінде (1:1) Зобин қолын жарақаттады. Құрама сапында өткен медициналық қайта тексеру футболшы оң қолының алақан сүйегін сындырғанын анықтады. 

"Осыған байланысты футболшы Мәскеуде қалады, онда ойыншыға жедел операция жасалады", - делінген Ресей құрамасының ресми твиттер желісіндегі хабарламасында. 

Осылайша, Зобнин Бельгия және Қазақстан құрамаларымен ойындарға қатыспайды. Белгиялықтермен матч 21 наурыз Брюссельдегі "Руа Бодуэн" стадионында өтеді. Ал Қазақстанмен 24 наурыз "Астана Аренада". 

Мұның алдында Ресей құрамасының бапкерлер штабы "Спартак" қорғаушысы Илья Кутеповтың көмегіне жүгіне алмайытыны хабарланған. Команданың баспасөз қызметінің хабарлауынша, футболшының премьер-лиганың 20-шы туры аясында "Зенитпен" матчтен кейін (1.1) шат бұлшық еттерінің ауыруы асқынған.

Ресей құрамасының негізгі қорғаушысы Еуро іріктеуінде Қазақстанға қарсы ойнамайды


  0