Шотландия құрамасы Қазақстанға қарсы ойнауға Астанаға келді

Матч 21 наурызда.

Футболдан Шотландияның ұлттық құрамасы Қазақстанға қарсы Еуро-2020 квалификациясы матчіне қатысу үшін Астанаға келді, - деп хабарлайды KazFootball.kz.

Ертең бас бапкер мен команда ойыншылары қатысатын баспасөз мәслихаты және ойын алды жаттығу өтеді. 

Еске салайық, Шотландия - Қазақстан матчі 21 наурыз Елордадағы "Астана Арена" алаңында өтеді, ойынның басталуы 21:00. 


  0