Роналдусыз ойнаған "Ювентус" осы маусымда алғаш рет ұтылды

Дегенмен команда турнир кесетсінде бірінші.

Туриндік "Ювентус" футболдан Италия чемпионатында алғаш рет ұтылды, 28-ші тур аясындағы "Дженоамен" ойын қарсылас алаңында өткен, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Кездесу Генуядағы "Луиджи Феррарис" стадионында өтіп, 2:0 есебімен ақталды. "Дженоа" сапында Стефано Стураро (72-ші минут) және Горан Пандев (81-ші минут) гол салды.

"Ювентус" бапкерлер штабының шешімімен бұл ойынға шабуылшы Криштиану Роналду қатыспаған еді.

Ұтылғанына қарамасстан "Ювентус" 75 ұпаймен А Сериясының турнир кестесінде көшбасшылықты сақтап тұр. Ал "Дженоа" 33 ұпаймен 12-ші орында. 


  0