Еуропа лигасы ширек финалының барлық қатысушылары анықталды

Бұл кезеңде бір ел командалары өзара ойнай береді.

Еуропа лигасы 1/4 финалының барлық сегіз қатысушысы белгілі болды, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Турнирдің бұл кезеңінде осы аптада англиялық "Арсенал" мен "Челси", испаниялық "Валенсия" және "Вильярреал", италиялық "Наполи", германиялық "Айнтрахт", португалиялық "Бенфика" және чехиялық "Славия" ойнайды.

Еуропа лигасының 1/8 финалынан өте алмаған командалар: аустриялық "Зальцбург", испаниялық "Севилья", итальялық "Интер", ресейлік "Зенит" және "Краснодар", украиналық "Динамо" (Киев), франциялық "Ренн" және хорватиялық "Динамо" (Загреб).

Еуропа лигасының 1/4 және 1/2 финалына жеребе тарту ертең, 15 наурыз Астана уақытымен 18:00-де басталып, швейцариялық Ньоне қаласында өтеді. Бұл кезеңде бір елдің клубтары өзара ойнай береді. Чемпиондар лигасы 1/4 финалының алғашқы матчтері 11 сәуірде, ал қарымтасы бір аптадан кейін өтеді.


  0