"Тәнті болғандар аз". Маман биылғы ҚПЛ-дің екінші турындағы "Қайрат" пен өзге командалар ойнына баға берді

Алматылықтар өз алаңында ойнайды.

Қазақстандық маман Ағаділдә Хасеновтің Vesti.kz порталына премьер-лиганың екінші турына қатысты жасаған болжамынша, "Астана" ірі жеңіске жетеді, ал "Қайрат" бір ғана гол соғады. 

Футбол. Премьер-лига. 2-ші тур
15 наурыз (жұма)

"Қайсар" - "Жетісу"
Қызылордалықтардың сәтсіздіктері аяқталатын шығар, оның үстіне бірінші матчте ойнаған, сәтті жағдайларды пайдалану қажет. Өз алаңындағы екінші ойында өздерін жақсы көрсете алтын шығар. 2:1 "Қайсар" пайдасына. 

"Астана" - "Оқжетпес"
"Жетісу" ойсырай ұтылған соң олардан үміт күту қиын. Астаналықтар жеңеді - 3:0.

"Ордабасы" - "Ақтөбе"
Чемпионатқа дейін команданың алғашқы орындарға ынтасы басқа және турнир басындағы жағдай басқа. Яғни "Ордабасының" жүлделі орынға ұмтылуы сенімділік береді, ол бұл матчты 2.1 есебімен ұтады. 

"Қайрат" - "Шахтер"
Қазір алматылықтар ойнына тәнті болғандар аз, бірақ, осындай деңгейдегі командалармен ойында олар ұпай жинауы міндет. Қалай дегенмен өз алаңында ойнайды, сондықтан "Қайрат" 1:0 есебімен жеңеді. 

"Тобыл" - "Тараз"
Тараздықтардың бапкері бірінші турдағы жеңілістен кейін команда жиындардағыдай ойнай алмағанын мойындады. Мықты ұжым қалыптаса қоймаған сияқты, оған уақыт керек. Сондықтан "Тобыл" 1.0 есебімен жеңеді. 

"Атырау" - "Ертіс"
Мұнайшылар бірінші турдағы жеңістен кейін қанаттарын кеңге жайды. Өз алаңында жеңеді - 1:0 "Атырау" пайдасына. 


  0