Чемпиондар лигасы ширек финалының барлық қатысушылары анықталды

Соңғы үш жыл қатарынан "Реал" жеңімпаз болған еді.

Чемпиондар лигасы 1/4 финалының барлық қатысушылары белгілі болды, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Бұл кезеңде англиялық "Манчестер Юнайтед", "Манчестер Сити", "Ливерпуль" мен "Тоттенхэм", голландиялық "Аякс", испаниялық "Барселона", италиялық "Ювентус" және португалиялық "Порту" ойынын жалғастырады.

Чемпиондар лигасының 1/8 финалынан аса алмаған командалар: испаниялық "Реал" мен "Атлетико", италиялық "Рома", германиялық "Бавария", "Боруссия" (Дортмунд) және "Шальке", сондай-ақ, франциялық ПСЖ және "Лион".

Чемпиондар лигасының 1/4 және 1/2 финалына жеребе тарту ертең, 15 наурыз Астана уақытымен 17:00-де басталады. Бұл кезеңде бір елдің клубтары өзара ойнай береді. Чемпиондар лигасы 1/4 финалының алғашқы матчтері 9 және 10 сәуірде, ал қарымтасы бір аптадан кейін өтеді. 

Соңғы үш жыл қатарынан Чемпиондар лигасын "Реал" жеңіп отырған еді, алайда, "Аякстан" жеңілгеннен кейін мадридтік клуб жарыстан шығып қалды.


  0