"Маңыздысы - Бельгия, Қазақстанмен кім болсын ойнай береді". Уткин Ресейдің Астанадағы ойыны турасында

Станислав Черчесов командаға 26 футболшыны шақыртқан.

Белгілі комментатор Василий Уткин Еуро-2020 квалификациясындағы бастапқы ойындарда Бельгия және Қазақстан командаларына қарсы ойындарға Ресей құрамасы сапына ойыншылар іріктеу туралы ойын білдірді. 

Оның пайымынша, Михал Белек жаттықтыратын командамен ойын аса ауыр болмайды. 

"Ресейді бір-бірінен өзге екі ойын күтіп тұр. Маңыздысы - Бельгиямен, өйткені Қазақстанмен кім болсын ойнай алады. Мені команданың алаң ортасындағы ойыншылары көбірек қызықтырады. Газинский, Зобнин және Головин Бельгиямен ойынға қатысатын шығар. Ал Қазақстанмен ойында кімдер болатыны қызықты сұрақ. Бельгяимен матчте қақпаға Гильерме, ал Қазақстанмен - Лунев тұратын болар", - дейді Уткин "Эхо Москвы" радиосындағы "Футбольный клуб" бағдарламасының эфирінде. 

Еске салайық, 21 наурызда Қазақстан құрамасы Еуро-2020 квалификациясы аясында Астанада Шотландиямен ойнайды, үш күн өте Ресеймен кездесу өткізеді. Михал Билек пен Станислав Черчесов алдағы матчтерге Қазақстан мен Құрамалары сапын жариялап қойған. 


  0