Еркебұлан Сейдахмет еуропалық клубқа өтуіне қатысты сұхбат берді

Ол қорғаушы болуға да дайын.

Қазақстан құрамсының шабуылшысы Еркебұлан Сейдахмет болгариялық "Левский" футболшысы ретінде алғашқы сұхбатын берді. 

Ойыншы бұл командаға ресейлік "Уфадан" ауысты, болгариялдық командада ол жыл соңына дейін жалға беру құқымен ойнайды. 

Биыл қыста "Левскиді" шымкенттік "Ордабасының" бұрынғы бапкері Георги Дерменджиев жаттықтыра бастады, ал чемпионаттан үзіліске клуб екінші орында шықты,  көшбастап тұрған "Лудогорцтан" бес ұпай қалып отыр.

Сейдахметтің сөзінше, ол жаңа командасына чемпион атанауға көмектесіп, барынша көп гол салуға ниетті. 

"Бәрі жақсы. "Левскиге" қосылғаныма қуаныштымын. Бұл Болгариядағы ең танымал клуб. Мұнда көптеген белгілі футболшылар ойнаған. 

Мен форвард позициясында ойнаймын, бірақ, қапталдарды ұстап немесе шабуылшыға көмектесе аламын. Бапкер қайда ойна десе, сонда ойнауға дайынмын, тіпті қорғаушы да боламын. 

"Левски" жанкүйерлері қызбалау екенін де білемін. Клуб үшін бар күшімді саламын, командаға жеңіске жетуге көмектесіп, олардың көңілін қош еткім келеді. Көбірек гол соғып, жанкүйрелреді қуантпақ ниеттемін. "Левски" міндеті қандай? Командамыздың мақсаты жалғыз - чемпиондық атақ", - дейді Сейдахмет. 



  0