Ресейлік БАҚ Зайнутдиновты РПЛ-дің болашақ жұлдыздары тізіміне қосты

Футболшыға мінездеме берілді.

Қазақстандық футболшы Бахтиер Зайнутдинов Ресей премьер-лигасының болашақ жұлдыздары тізіміне енді. Ең сәтті трансферлер тізімін sport24.ru порталы жариялады.

"Астана" сапынан келген қуатты box-to-box "Спартакқа" кеткен Аяз Гулиевті ауыстыру керек. 20 жастағы Зайнутдинов Қазақстан чемпионтаныда ең жарқын жартылай қорғаушылардың бірі болған, сондықтан Ресейдегілер оған көз салды. Бахтиер - алаң ортасындағы үйлесімді ойыншы, қара жұмысқа аянып қалмайды. Дегенмен ойынды ұйымдастыруға мүмкіндігі аз емес - пасты жақсы береді, алдап өте алады. Жалпы, Карпин жақсы футболшы жасай алуға болатын жігітті алды.  Онымен сауатты жұмыс істеу ғана қалды", - делінген мінездемеде. 

 20 жастағы Зайнутдиновтың "Ростовқа" ауысқаны 12 қаңтарда жарияланды. Келісімшарттың егжей-тегжейі айтылмайды, алайда, "Астана" ойыншы өз келісімшартын өзі сатып алғанын растады.


  0