"Уфа" Еркебұлан Сейдахметтің позициясына аргентиналық футболшыны алды

Қазақстанның кетуі мүмкін екені хабарланды.

Ресей премьер-лигасындағы "Уфа" аргентиналық шабуылшы Андреас Вомбергармен келісімшарт жасасты. Бұл туралы клубтың ресми сайтында хабарланған. 

Мұның алдында Вомбергар словениялық "Олимпия" үшін ойнап, бір жарым маусымда ел чемпионаты мен Кубокты ұтқан. Сондай-ақ еурокубоктарға қатысты. Клуб үшін 34 матчте форвард 15 гол салды және төрт нәтижелі пас берді.

Словенияға дейін Вомбергар отанында "Атлетико Лос Андес", "Атлетико Феникс" және "Атлетико Итузаинго" сапында ойнады. Аргентиналықтың "Уфамен" келісімшарты 3,5 жылға есептелген. Трансфердің өзге шарттары айтылмады. 




Айта кетейік, Қазақстан құрамасының шабуылшысы Еркебұлан Сейдахмет "Уфа" сапында. Бүгін, 22 ақпан Сейдахмет карьерасын алматылық "Қайратта" жалғастыруы мүмкін екені хабарланды. 


  0