"Қайрат" пен ресейлік клуб арасында "Қазақ Мессиіне" қатысты келіссөздер қайта басталды

Қайрат Боранбаев қаңтарда "Уфа" басшысымен кездескен.

Алматылық "Қайрат" Қазақстан құрамасының шабуылшысы Еркебұлан Сейдахметті ресейлік "Уфа" клубынан сатып алуға қатысты келісссөздерді жандандырды, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Тараптар келісімге келсе, жақын арада "Қайрат" футболшыны сапына қосқаны туралы ресми хабарлайды. "Қайрат" мұның алдында да футболшыға қызығушылық танытқан, алайда, оның Қазақстан құрамасы сапында алған жарақатына байланысты трансфер болмады.

Алматылық клубтың Бақылаушы кеңесінің басшысы Қайрат Боранбаев қаңтарда "Уфаның" Кипрдегі жиындарына барып, ресейлік команда басшысы Шамиль Газизовпен кездескен болатын. 


  0