ҚПЛ клубы ұлттық құрамада ойнаған еуропалық форвардпен келісімшарт жасасты

Мұның алдындағы командасына ол нәтижелі ойын көрсетті.

"Жетісу" болгариялық шабуылшы Ивайло Димитровпен жыл соңына дейін келісімшарт жасасты, - деп хабаралйды Vesti.kz тілшісі Transfermarkt басылымына сілтеме жасап. 

29 жастағы форвард софиялық ЦСКА жастар академиясының түлегі. Отанында "Академика", "Этыр", "Несебар", "Добруджу", "Славия" сапында ойнаған. Былтыр жаздан армениялық "Араратқа" қосылған еді - 17 ойында тоғыз гол салды. 

Дмитровты карьерасында алғаш рет 2017 жылы 21 тамызда Петар Хубчев Болгария құрамасына 2018 жылғы әлем чемпионатына Швеция мен Голландияға қарсы іріктеу матчтеріне шақырады. Футболшы Швецияға (3:2) қарсы ойынның 83-ші минутында Ивелин Поповты алмастрады. Жалпы ұлттық құрама үшін екі матч өткізген. 

Айта кетейік, ҚПЛ-дің трансферлік кезеңі 11 қаңтардан 3 сәуірге дейін жалғасады. 


  0