Румыния құрамасының футболшысы "Астана" сапына өтті

Келісімшарттың мән-жайы айтылды.

Румыния құрамасының 23 жастағы футболшысы Дорин Ротариу "Астана" сапына өтті, - деп хабарлайды gsp.ro.

2017 жылы Ротариу бельгиялық "Бригге" сапына ауысқан болатын. Осыдан кейін алдымен ол жалға беру құқымен белгиялық "Мускрон-Перювельз" (28 матч, 9 гол), сосын голландиялық "АЗ Алкмар" (8 матч) үшін ойнады. Оған дейін футболшы 17 жасында мүшесі болған бухаресттік "Динамо" сапында 115 матчте 22 гол салған. 

Басылым мәліметінше, Ротариу "Астанаға" жалға беру құқымен келді, екі арадағы келісімшарт алты айға есептелген. Мерзім аяқталған соң қазақстандық клуб футболшыға құқықты сатып алуы мүмкін.

Футболшы негізінен вингер позициясында ойнайды, дегенмен, екінші шабулышы да бола алады. Transfermarkt мәліметінше, футболшының трансферлік құны 1 миллион еуро. 

19 жасына дейін Ротариу Румынияның жастар құрамасы сапында болып, сегіз матч өткізнген. Одан кейін 21 жасына дейін команада тағы ойнады. 2016 жылы Румынияның ұлттық құрамасының ойышысы, осы уақытқа дейін бір гол салып, тоғыз нәтижелі пас берген. 


  0