Сейдахмет Испаниядағы шешуші жиындарға "Уфа" сапында аттанды

ОЖЖ 24 ақпанға дейін жалғасады.

"Уфа" футбол клубы шешуші жаттығу жиынына аттанды. Қазақстан құрамасының шабуылшысы Еркебұлан Сейдахмет осы сапарға баратын футболшылар тізіміне енді, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Оқу-жаттығу жиыны Испанияда өтеді. "Уфа" ары қарайғы ойындарына Бенидорм қаласында жаттығатын болады. Футбол клубы Instagram парақшасында жиынға қатысатын футбошылар тізімін жариялаған. 

Жаттығулар 24 ақпанға дейін жалғасады. Осы уақытта "Уфа" үш ойын өткізеді: 5 ақпан испаниялық "Альмерия", 19 ақпан тбилисиялық "Локомотив" және 23 ақпан РПЛ көшбасшыларының бірі - ЦСКА. 



  0