Футболдан Молдова құрамасы Қазақстанмен матчке команда сапын жариялады

Жаңа бапкер үшін бұл алғашқы ойын.

Молдова құрамасының бас бапкері Александр Спиридон Қазақстанмен жолдастық матчке шақыртылған футболшылар тізімін жариялады, - деп хабарлайды жергілікті футбол федерациясының ресми сайты

Ойын 21 ақпан Түркияның Анталия қаласында өтеді, басталуы Астана уақытымен 20:00. Ойын ФИФА уақытымен сәйкеспегендіктен Молдова шетелде ойнайтын екі футболшысын ғана шақырта алды. 

Қақпашылар: Дмитрий Челядник ("Шериф"), Дориан Рэйлян ("Петрокуб");

Қорғаушылар: Вячеслав Посмак, Артем Розгонюк, Андрей Макрицкий (бәрі - "Шериф"), Дину Граур, Артур Крачун (екеуі "Милсами"), Ион Жардан ("Петрокуб");

Жартылай қорғаушылар: Георгий Антон, Валерий Макрицкий (екеуі "Шериф"), Дан Тарас, Ясер Цуркан (екеуі "Петрокуб"), Константин Санду ( "Сперанца"), Александр Антонюк, Сергей Платика (екеуі "Милсами");

Шабуылшылар: Владимир Амброс ("Петрокуб"), Николай Милинчану ("Кьяссо", Швейцария), Ион Николаеску ("Шахтер" Солигорск, Беларусь).

Айта кетейік, алдағы матч Қазақстан құрамасы үшін жаңа бапкер Михал Билектің жетекшілігімен алғашқы ойын болады. Чехиялық маман ұлттық команданы 19 қаңтарда жаттықтыра бастады және Молдовамен ойынға кеңейтілген құрамды жариялап қойған. 


  0