ҚПЛ 2019 бірінші турында "Астана" ақтөбеліктермен, ал "Қайрат" тараздық командамен ойнайды

Қостанайда жеребе тарту рәсімі өтті.

Бүгін, 11 ақпан Қостанайда 2019 жылғы Қазақстан премьер-лигасы күнтізбесінің жеребесі тартылды, - деп хабарлайды Vesti.kz.

12 команда алдын ала үш топқа жіктелді. Бұл бірінші және екінші тур матчтерін күн-райы қолайлы уақытта өткізу үшін жасалды. 

Клуб өкілдері алып шыққан нөмірлер электронды күнтізбеге енгізілді.

Осылайша, алғашқы турда ойнайтын командалар тізімі мынадай:

"Астана" (жеребедегі нөмірі - 10) - "Ақтөбе" (9)
"Тобыл" (4) - "Ертіс" (3)
"Қайрат" (6) - "Тараз" (5)
"Қайсар" (1) - "Атырау" (2)
"Ордабасы" (8) - "Шахтер" (7).
"Жетісу" (12) - "Оқжетпес" (1)

Еске салайық, Қазақстанда клубтық маусым 3 наурызда, ҚПЛ чемпионы "Астана" мен Кубок иегері алматылық "Қайрат" ел Суперкубогы үшін ойнаған соң басталады.

Қазақстан чемпионатының бірінші туры наурыздың 9 мен 10 аралығы өтеді.


  0