Футболшы Эмилиано Саланың мәйіті танылды

Спортшының денесі Ла-Маншта апатқа ұшыраған ұшақ қирандыларының арасынан табылған еді.

Іс-түзсіз жоғалып кеткен "Кардифф Ситидің" футболшысы Эмилиано Саланың мәйіті танылды.

Осыған дейін спортшының денесі Ла-Маншта апатқа ұшыраған ұшақ қирандыларының арасынан табылған еді.

Еске салайық, футболшы бірмоторлы ұшақпен 22 қаңтарда Франциядан Ұлыбританияға ұшқан болатын. Бортта екі адам болған. Футболшы және ұшқыш Дэвид Эбботсон.

Эмилиано Сала мансап жолын француздық клубта өткізіп, чемпионаттағы ең мықты шабуылдаушылардың қатарынан көрінді.




  0